Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Отырыста ел Үкіметі 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Жиында Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады деп күтілуде.