26 наурыз, 13:41
Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жасаған ресми мәлімдемесі арқылы айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
«Қауіпсіздік мақсатында қала аумағындағы оқу орындарының барлығы демалысқа шығып, қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс жасауда. Ал, 26 наурыздан бастап балабақшалардың барлығы жұмысын тоқтататын болады.
Сонымен қатар, қаладағы тойханалар, ойын-сауық орындары толығымен тоқтатылып, сауда орталықтары мен мейрамханалардың жұмыс уақыттары шектелді»,-деді Шымкент әкімі.