Белгілі тележурналист Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл жайында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.
«Бибігүл Жексенбай отандық ақпарат айдынында аты қалыптасқан кәсіби журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Сондай-ақ, бизнес-басқару магистрі. Еңбек жолын қатардағы корреспонденттен бастап еліміздегі ірі бұқаралық ақпарат құралдарының топ-менеджеріне дейін көтерілді. Атап айтқанда, «Хабар» агенттігінде, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында және «Жетінші арнада» жауапты қызметтер атқарып, өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындай білді»,- деп жазды ол.