​Жолаушылар пойызының билеттері арзандады

30 қаңтар, 12:11

«2019 жылғы 2 ақпаннан бастап N 3/4 Астана-Алматы және N 11/12 Алматы-Шымкент жолаушылар пойыздарындағы билет бағасы арзандайды, себебі олар енді фирмалық болып саналмайды», - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.⠀

Бұл пойыздардан сол статустың алынып тасталуы жол билетінің бағасына әсер етеді.
«Егер Астана қаласынан Алматыға дейін билет бағасы 10 744 теңге болса, биылғы 2 ақпаннан бастап баға 9 886 теңгені құрайды. Шымкент қаласы бағытында да сол – 7 464 теңгенің орнына 6 567 теңге», - делінген мәлімдемеде. Бұл тұста «фирмалық пойыз» статусы N 9/10Астана – Алматы («Бәйтерек»), N 37/38 Астана – Маңғыстау және N 47/48 Астана – Атырау пойыздарында қала береді.