Білім күнін жексенбі күні өткізу қаншалықты заңды?

21 тамыз, 13:00

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, білім күніне арналған салтанатты жиын Қазақстанның барлық мектептерінде 1 қыркүйекте өтеді. Дегенмен бұл күні жексенбі.

Министрлік линейкадан кейін оқушылар үйлеріне қайтады, сабақтар дүйсенбі, 2 қыркүйекте басталады, деп хабарлаған болатын.Десе де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топтың өкілі Мәлік Жұмағалиев өзінің фейсбуктегі парақшасында бұл шешімге қатысты алаңдаушылық білдірді.


Ал Еңбек кодексіне сай, жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері қызметкердің жазбаша келісімімен және жұмыс берушінің бұйрығымен ғана рұқсат етіледі.

(Жұмыс беруші қызметкерді осы күндері оның келісімінсіз жұмысқа тарта алатын заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда (Еңбек кодексінің 85-бабының 1-тармағы)).