БҚО-да 5 жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетіп көз жұмды

19 қыркүйек, 15:22

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте бұл оқиға кеше күндізгі уақытта Жаңақала ауданының орталығында орын алғаны көрсетілген.

Үш қабатты үйде қараусыз қалған 2014 жылғы бүлдіршін терезеден құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барды. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.