БҚО-да ауыл ішіне жабайы қабан кіріп кетіп, тұрғындардың зәресін ұшырды

10 қазан, 15:09

​Батыс Қазақстан облысында ауылға жабайы қабан кіріп кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Оқиға Бәйтерек ауданының орталығы Переметный кентінде орын алды. Кеше кешкі сағат 18.56-да ауыл тұрғынынан балалар ойнайтын алаңда жабайы қабанның жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына екі полиция қызметкері келіп жеткен. Олар қабанды ауылдан шығарып жіберу үшін қанша амалдағанымен нәтиже болмаған. ай, адамдар өміріне қауіп төндірген. Сондықтан п

"Полиция инспекторлары «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы 1-бөлігі 6-тармағына (адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) сәйкес табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған. Атыс қаруы қолданылғаны жөнінде ақпарат Бәйтерек ауданы прокурорына хабарланды», - деді департаменттегілер.