​БҚО-да студент пышақ жарақатынан көз жұмды

14 қаңтар, 17:48

Оқиға Ақсай қаласында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Колледж студенті пышақ жарақатымен Бөрлі аудандық ауруханасына 13 қаңтар күні таңғы уақытта түскен. Алайда ақ халаттылар 17 жастағы студентті аман алып қала алмады. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты күдікті ұсталды. Ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.