БҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, 45 адам эвакуацияланды

07 қазан, 15:00

Тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 45 адам эвакуацияланды​.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға кешке кешкі уақытта Бәйтерек ауданы, Дариян ауылының М.Шолохов көшесінде орын алған.

Екі қабатты 8 пәтерлі үй өртке оранған. Қызыл жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады.

"Тұрғын үйден 45 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 10-ы – балалар.Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 адам, 3 техника жұмылдырылды. Өрт 18.30-да оқшауланып, 19.54-те толығымен сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда" делінген ведомство хабарламасында.