Мәскеу тұрғындарына пұтқа табынушылар интернетіне қосылу ұсынысы жасалды. «Дикая Москва» Twitter-аккаунтында провайдерлердің бірінің хабарландыруы жарияланды. Жарнама буклетінде артында найзағай ойнап тұрған славян құдайы Перун бейнеленген, жоғары жаққа оның «Ата-бабаларыңызды ұмытпаңыздар, сонда сіздердің ұрпақтарыңыз да сіздерді ұмытпайтын болады» деген сөздері жазылған.