"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

28 тамыз, 12:28

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" стипендиясының иегерлері тізімін жариялады, деп хабарлайды Elitar.kz

Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады.

Еске салайық, "Болашақ" халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама мақсаты - елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми және туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.