Ресейде пошта арқылы 90 келі есірткіні жеткізбек болған

07 ақпан, 16:00

Екі жігіт сәлемдемені әдеттегі пошта арқылы жібереді. Оларды ұстау үшін үш айдан астам уақыт жұмсалды, деп хабарлайды Lshort.

Енді жігіттердің үстінен "Есірткінің заңсыз айналымы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.