Бір адам көз жұмды: Қызылордада тұрғын үйден өрт шықты

24 ақпан, 10:30

Өрт Қызылордадағы Шілдебаев көшесі бойындағы тұрғын үйде орын алған. Кеше шамамен сағат кешкі жетілер шамасында құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар дереу қызыл жалынды ауыздықтау шараларына кірісті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл жұмыстарға 6 техника, 25 қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт тұрғын үйдің ас бөлмесінен шыққан. Салдарынан тұрғын үйдің ас бөлмесіндегі тұрмыстық заттары мен төбе жабыны толық жанып кеткен. Үй ішінде мүмкіндігі шектеулі жан болған. Ол газ түтінінен есінен таныған. Жедел жәрдем қызметінің қарауынан соң ер кісінің көз жұмғаны белгілі болды.