Бір апта бұрын жоғалған алматылық студент табылды

18 желтоқсан, 14:30

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған. Құзырлы органдардың жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 16 жастағы қыз үйіне оралды.

Студенттің анасының айтуынша, қызы жігітімен бірге Сарыағаш ауданында болыпты. Туыстарына ескертпеген себебі онда баруына анасы рұқсат бермейді деп ойлаған. Сондықтан ешкімге айтпаған.

Еске салсақ, 16 жастағы студент 9 желтоқсан күні сабаққа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған болатын.