Түркістан облысының полицейлері 23 жылқыны жымқырған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 30 бас жылқысын жайылымға қараусыз жіберіп, кешкісін жылқылар арасынан жалпы құны 4 миллион теңге тұратын 12 бас жылқылары келмей, жоғалып кеткенін көрсетеді.
Осы секілді мал ұрлықтары бойынша тағы 3 бірдей жәбірленуші де арызданады. Олар өз арызында жайылымда жүрген 11 бас жылқыларының жоғалып кеткенін көрсетеді. Жергілікті тұрғындарға жалпы құны 3 500 000 теңге шығын келген.
Полицейлері мал ұрлығын ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеді. Аталған 4 мал ұрлығы, яғни, қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 3 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда, істеген қылмыстарын толық мойындады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.