ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті кокаин контрабандасының транзиттік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Комиеттің Алматы және Шымкент қалалары бойынша департаментіндегілер Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап жолын кесті.
"2019 жылғы наурызда комиттенің Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әуежайда кокаинді контрабандалық әкелуді жүзеге асырды деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы ҚР азаматы М.Сатыбалдиевті ұстаған болатын.
Ұсталған адамды тексеру кезінде Алматы қалалық клиникалық ауруханасы жағдайында емдеу мекемесінің медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар жолымен
оның асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылды" делінген хабарламада.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Л. Құрманбаева ұсталды, ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақшы болған.
2019 жылғы маусымда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен М. Сатыбалдиев ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі және 286-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.