Сот ер кісіге бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Elitar.kz. тілшісі.
Бұл істі Астана қаласы, Алматы аудандық соты қарады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабының 3-бөлімі бойынша айып тағылды. Яғни, оның бірнеше адамға иммунодефицит вирусын жұқтырғаны дәлелденді. Сот отырысы жабық түрде өткендіктен айыпталушы мен жәбірленуші тарап туралы мәлімет айтылмайды. Айта кетерлігі, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
ФОТО: www.mordovmedia.ru