Бірнеше рет зорлап, азғындық жасаған: Қазақстан фермерлер одағының экс-басшысы 19 жылға сотталды

17 қазан, 09:15

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әуезхан Дариновке үкім шығарды. Одақтың экс-төрағасы 19 жылға сотталды.

«Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі, 122-бабы 1-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан өзге оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың ақпанында Қазақстан фермерлер одағы төрағасының зорлыққа қатысты күдікпен ұсталғаны туралы белгілі болды.

ФОТО: kursiv.kz