Бурак Озчевит қазақстандық жанкүйерлерімен кездесті

01 шілде, 18:30

Қазақстандық жанкүйерлер үшін танымал түрік актері Бурак Озчивиттің келуі тосын сый болды. Әртіс XV Халықаралық "Еуразия" кинофестиваліне қатысты. Іс-шара 30 маусым күні Нұр-Сұлтандағы орталық концерт залында өтті.

Сондай-ақ фестивальге ресейлік жұлдыздар Дмитрий Дюжев, Наталья Антонова мен Антон Макарский, отандық киножұлдыздары Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Данияр Алшинов, Асылхан Төлепов, Жанна Қуанышева, Жан Байжанбаев, Әлия Телебарисова, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова, Айым Сейтметовалар қатысты.

Түркиялық сері көрермендерді өзінің ашық көңіл-күймен баурап алды. Қыздар тарапы өздерінің кумиріне сүйсіне қарады. Олар әлеуметтік желілерге актермен түскен фотолар мен видеоларын жүктеп, оқырмандарының да көңілінен шықты.

Өз кезегінде желі қолданушылары да "мен оны алғашқы маңызды жобасы — «Ғаламат ғасыр» сериалынан кейін жақсы көремін», "оған жақындап қолын қысу қандай жағымды", "Өз сезімдерімді сөзбен жеткізе алмаймын", "жанкүйерлерге деген ықыласы ерекше екен!"- деген пікірлер білдірді.




Фото: brod.kz