Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Түркістан облысы Бәйдібек ауданы прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ержан Қожабеков тағайындалды.
Ержан
Қожабеков 1973 жылы туған. Қ. А. Яссауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің "Құқықтану"
мамандығы бойынша түлегі.
Прокуратура
органдарында еңбек жолын 1998 жылы
бастаған. Алматы облысының Қапшағай
қаласы және Қарасай ауданы прокурорының
орынбасары лауазымында жұмыс
істеді.
Алматы қаласы Медеу, Түрксіб,
Алмалы аудандарының, Шымкент қаласы
Әл-Фараби ауданының, сондай-ақ бұрынғы
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының
(қазіргі Түркістан облысы) прокуратураларын
басқарды.
2018 жылдың мамыр айынан
бастап Павлодар облысы прокурорының
орынбасары.
Прокуратура органдарындағы
еңбек өтілі 21 жылдан асады.