Шымкенттің қолөнершілері қалада Арбат ашылатыны туралы армандамаса да керек. Бұл демалыс орталығының құрылысы басталғаны туралы ақпарат нағыз мерекеге айналды, себебі, ол - «hand-made» көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге таптырмас алаң. Дегенмен, қуаныш ұзаққа созылмады, қаланың жарқын демалыс орнында бұйымдарды шығаруға рұқсат әзірге берілген жоқ. Қолөнершілер әкімдікке хат та жазғандарымен, әзірге жауап алмады.
«Бізге бір ай мерзім берді, дегенмен, хатпен де, қоңыраумен де жауап бермеді», - дейді қолөнерші Татьяна Шилина.
«Арбат қолөнершілер өз бұйымдарын таныстырып, сата алатын алаң болуы керек», дейді Гүзал Аримбетова. Дүние жүзінде мұндай көшелер шығармашыл тұлғалардың алаңшасы ретінде қолданылады. Мегаполиске келген туристер осындай жерден кәдесыйлар ала алады, жергілікті шеберлердің ерекше бұйымдарымен танысады.
«Біздің бұйымдар толығымен қолмен жасалады, түрлі әдістерді меңгерген шеберлеріміз бар. Олар – сабындар, ағаштан жасалған түрлі жұмыстар мен бірегей әшекей бұйымдары», - дейді сабын қайнатушы Гүзал Аримбетова.
Ал «Shymkent» ӘКК өкілдері шеберлерді қуантуға әзір. Арбатқа қолөнершілер міндетті түрде шақырылады. Дегенмен, бұл мәселе шешілуде, дейді мекеменің баспасөз хатшысы Сайра Амантаева. Арбат әрі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қарауына өткен жоқ. Қазіргі таңда құжаттар әзірленуде. Барлық мәселе шешілген соң Арбат жарқын қырынан таныла түспек.
«Әрине, біз Арбатты қолөнершілер мен шығармашылық адамдарының орталығы ретінде дамытуды көздейміз. Шымкенттің Арбатын Нью-Йорктегі әйгілі Таймс сквер алаңы секілді орталыққа айналдыру бойынша ауқымды жоспарымыз бар», - деді «Shymkent» ӘКК баспасөз хатшысы Сайра Амантаева.
Осылайша мамандар әзірге күте тұруға шақырады. Бүгінгі таңда Арбатқа қатысты үлкен жоспарлар бар. Мысалы, мұнда Wi-Fi қосылмақ.
«Әрине, алдымен сауалнама, зерттеу жүргіземіз. Арбатты барынша дамытып, оны тек қолөнершілер ғана емес, туристердің де орталығына айналдыруды қалаймыз», - дейді «Shymkent» ӘКК баспасөз хатшысы Сайра Амантаева.
Қолөнершілердің болмағанына қарамастан Арбат жергілікті тұрғындар жиі келетін орынға айналған. Онда адамдар жаяу қыдырып, жас жұбайлар мен жастар аралайды.