Павлодарда мұғалімдердің сыйлық алуына қарсы челлендж басталды

25 қыркүйек, 12:08

Павлодарлық мұғалімдер әріптестерін сыйлықтың кез келген түрінен бас тартуға шақырып отыр.

Оқытушылар бұл челленджді "Мұғалімдер күні" мерекесі қарсаңында бастауды дұрыс деп қабылдаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара оқытушылар, оқушылар және олардың ата-аналары арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне жол бермеуді қалыптастыруға бағытталған.

Павлодар қаласының "Ертіс — адалдық аланы" жобалық кеңсесі акция бастаушысы болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізушілер мұғалімдердің сыйлық алуы олардың оқушыларының алдындағы сенімділігінің жоғалуына алып келуі мүмкін деп отыр. Ұйымдастырушылар кейде ата-аналар ұстаздарға сыйлық беремін деп шектен шығып жатады, мұғалім үшін ең үздік марапат оқушыларының жетістігі екенін атап өтті.