Қытайдан Қазақстанға келген төрт адам жоғары температурамен ауруханаға жатқызылды. Емделушілерде барлық талдаулар алынып, үш тәулік ішінде егжей-тегжейлі диагностика жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, ауруханаға жатқызылғандардан барлық қажетті қан анализдері алынған. Қазіргі таңда терапиялық шаралар басталды.