Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 121 адамға жетті

27 наурыз, 15:08

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 121 адам коронавирус індетін жұқтырған.

"27 наурыз күні сағат 10.20-дағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді. Елімізде коронавирустық инфекция анықталған 121 жағдай расталды", - делінген жұма күнгі хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда коронавирустан емделіп шыққан алғашқы екі қазақстандық туралы белгілі болды. Ал кеше, 26 наурызда алғашқы өлім тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласының 64 жастағы тұрғыны аталған індеттен көз жұмды.