Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 мың адамнан асты

21 ақпан, 11:42

Қытайда Covid-19 коронавирус жұқтырғандар саны 75 мыңнан асты, 2,2 мыңнан астам адам қайтыс болды.

18,2 мыңнан астам адам дертінен сауығып шықты. Ауырғандар мен өлгендердің көпшілігі аурудың эпицентрі — Хубэй провинциясында орналасқан. Қытайдан тыс елдерде 1,25 мыңнан астам адам вирусты жұқтырды.