Коронавирустан көз жұмғандар саны 170 адамға жетті

30 қаңтар, 09:33

Қытайда коронавирустан 170 адам көз жұмды.

Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, 162 адамның өлімі бір ғана Хубэй провинциясында тіркелген.

Сондай-ақ, соңғы тәулікте қауіпті вирустан 37 адам өлгені белгілі болды, ал 1032 пациенттің коронавирусты жұқтырғаны расталды. Өткен тәулікте ауруханадан тек 10 адам ғана шығарылды.

Қытай аумағында барлығы 170 адам қайтыс болды. Жұқтырғандардың саны 7 711 адамға дейін өсті.