Шри-Ланкада жарылыс құрбандарының саны 321 адамға жетті

24 сәуір, 15:00

Шри-Ланкадағы жарылыс салдарынан қаза болғандардың саны 321-ге дейін өсті, 520 адам зардап шекті. Бұл туралы БАҚ министрі Рувана Вийевардене хабарлады.

Шри-Ланкада жексенбі күні бірнеше жарылыс орын алды. Алғашқы алтауы Коломбо, Негомбо және Баттикалоада, жетіншісі — аралдың батысындағы Дехивалда, сегізіншісі - Коломбо маңында жарылды. Тағы бір бомба Бандаранаик халықаралық әуежайына апаратын жолдан табылды.

Полиция келесі күні жүк көлігінен табылған тағы бір жарылғыш құрылғыны залалсыздандырды. Құқық қорғау органдары лаңкестікке қатысы бар 40 күдіктіні қолға түсірді.
Мемлекет басшысы терактілерден кейін арнайы қызметтердің барлық басшыларын босату туралы шешім қабылдады.