Енді жұмыс күндері жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеп үлгермегендер бұл қызметтің түрін демалыс күндері ала алады.
Сенбі және жексенбі күндері ХҚКО-да тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтуге болады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтарды қабылдау сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. ІІМ түсіндіргендей, ХҚКО-ның демалыс күндердегі жұмысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркеуден өтуге ниет білдірушілердің өсуіне байланысты, ол 1 сәуірден бастап айтарлықтай артады.
ХҚКО-да қосымша жұмыс орындары ұйымдастырылған. Алайда, Шымкент қаласының ХҚКО-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, кешке дейін белгілі бір қызметкерлер жұмыс істейді.
"Демалыс күндері келушілерді сағат 20.00-ге дейін тек көші-қон қызметінің қызметкерлері қабылдайды. Олар жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеумен айналысатын мамандар" деп хабарлады баспасөз қызметі.