12 наурыз, 18:05
Қазақстандық әнші Данэлия Тулешова «Каникулы off-line» фильміне жаңа клипін таныстырды. Бұл туралы әнші өзінің парақшасында хабарлап отыр.
«Каникулы off-line» фильміне көптен күткен OST клип шықты. Мен демалысты қайда өткізетінімді шешіп қойдым. Қазақстанда жасалған! Кинотеатрларда жүздесейік!», - деп жазады Данэлия.
Әнші қыз клиптің толық нұсқасын YouTube желісіндегі өзінің каналында ұсынып отыр. Данэлия әнді екі тілде орындаған. Клипке, сондай-ақ, қазақстандық рэп-орындаушы Alvin Today қатысқан.
Фильмде өз бизнесін ашпақ болған үш достың бастан кешкендері баяндалады. Олар қалалық балаларға арнап, «интернет-тәуелділіктен» құтқару үшін этнолагерь ашады. Туында 21 наурыздан көрсетіле бастайды.