Жас әнші Данэлия Төлешова өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктер саласында Еуразиялық шығармашылық одақтың халықаралық марапатына ие болған алғашқы бала болды. Бұл туралы жас әнші әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді. Данелия "Вокал" номинациясына лайық деп танылған.
"Бүгін мен Еуразиялық халықаралық сыйлықтың лауреаты атандым, ұйымдастырушыларға үлкен рахмет", - деп жазды әнші Instagram-дағы жеке парақшасында.
(Фото: Kazinform)
Айта кетейік, аталған премия иелерінің қатарында Болат Аюханов, Зарина Алтынбаева, Еркеш Шәкеев, Досым Сәтпаев, Сергей Шабунин және тағы да басқа өнер және қоғам белсенділері иелері бар. Аталмыш сыйлық 2013 жылы Қазақстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Ресей және Тәжікстан өкілдері құрған Еуразиялық шығармашылық Одақпен бекітілді.
Біз Данелия Төлешованы марапатпен шын жүректен құттықтаймыз.