Дариға Назарбаева Президенттік сайлауға түсу ниеті туралы пікір білдірді

09 сәуір, 15:49

Бұл туралы Yedilov online телеграм каналы жазды.

БАҚ-та Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаеваның ҚР Президентінің сайлауына қатысуды жоспарламайтыны туралы дұрыс емес ақпарат пайда болған болатын.

"Еліміздің кез келген азаматы Конституция мен заңдарға сәйкес дауысқа түсе алады. Кандидаттарды ұсыну туралы шешімді саяси партиялар қабылдайды" деп пікір білдірді Дариға Назарбаева пайда болған ақпаратқа қатысты.

Ол сондай-ақ, бәрі заң аясында өтуі керек дей отырып, сайлау нәтижелері Қазақстан халқына байланысты екенін айтты.