Ертеректе әрбір әйел заты басына қалпақ киіп жүруге міндетті еді. Ал қазір бұл күннен қорғайтын сән аксессуарының біріне айналды. Кристина Ершова әдемі қалпақ жинаудың шебері. Оның гардеробында бүгінде планетаның әртүрлі бұрыштарынан келген елуден астам шляпа түрлері бар.
Әртүрлі стильдегі шляпаларға ие кейіпкеріміз әрбір шляпаның өзіндік сипаты бар және олар ерекше көңіл-күй сыйлайды дейді. Сонымен қатар, кей шляпалары өзіне қажетті күтімді талап етеді.
"Алғашқы қалпақты мен 18
жасымда базардан сатып алдым. Ол маған
ұнағаны соншалық, қалтамдағы бар
ақшамды бердім",- дейді Кристина.
Өкінішке
орай, Кристинаның барлық коллекциясымен
танысу мүмкін болмады. Ол өз гардеробынан
ең сүйікті және ғажайып деген қалпақтарын ғана біздің редакцияға алып келіпті.
Коллекционер
шляпалардың әрдайым оған тек сәттілік
әкелетінін айтады. Бір күні ол тіпті
Болат Аюхановтан сұхбат ала алды. Мэтр
журналистермен сөйлесуді аса ұнатпайды,
ал әдемі қалпақтағы қызға сұхбат беруден
бас тарта алмапты.
"Сол кезде мен
онымен үлкен сұхбат жаздым. Ол мен
қойған барлық сұрақтарға жауап берді.
Осылайша маған шляпам көмектесті,
соның арқасында ол маған назар
аударды", - дейді Кристина
Ершова.
Кейіпкерімізде кешкі
шляпалар, коктейль, сабан, таблетка,
цилиндр сынды атауларға ие қалыптар
көп. Кристина Ершова нәзік жандыларға
шляпаларға жиі көңіл бөлуге кеңес
береді. Өйткені бас киімнің бұл түрін киген қыз ерлердің
назарында болады, әйел нәзіктігін аша
түседі.