19 қыркүйек, 16:44
ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова демалыс күндері қай нысанның жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, жұмысы әлі күнге дейін шектелгендердің де атап өтті.
«Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сондай-ақ, ол демалыс және мереке күндері жұмысы рұқсат етілген нысандарға тоқталды. Осы орайда сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметология қызметін көрсететін нысандарға, фитнес және спорттық сауықтыру орындарына, бассейндерге, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, сауналарға қатысты шектеулер алынды. Сонымен қатар, діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді.