Денис Тен қаза болған орынға мемориал қойылмақ

04 маусым, 17:12

Денис Тенге арналған ескерткіш Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысына қойылады. Ашылу салтанаты 13 маусымда өтеді.

Бұл туралы спортшының ресми қауымдастығы хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен автоұрылардың қолынан қаза тапты. Биыл 13 маусымда жас жігіт 26 жасқа толар еді. Мемориалдың ашылуы фигуристің туған күніне орайластырылған.

Іс-шара Алматы қаласында таңғы сағат 11-де басталады.