Арыста "қыз алып қашпақ" болғандардың үстінен іс қозғалды

24 желтоқсан, 17:58

Желіде белгісіз азаматтардың "жас қызды алып қашпақ" болып бойжеткенді көлікке отырғызып жатқан сәтінің видеосы тараған болатын. Аталған жайтты Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер растады. Ведомство мәліметінше, оқиға Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған.

"Аталған видеоны тексеру кезінде полицейлер оқиға Түркістан облысының Арыс қаласында орын алғанын анықтады. Қыздың анасы полицияға арызданған. Қазіргі уақытта қыз өз үйіне оралды. Бұл факт Арыс ПБ-нің ЕРДР-да ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адам ұрлау" бабы бойынша тіркелді. Күдіктінің сөзіне қарағанда, олар қызбен бірге бір сыныпта оқып, үйленуді мақсат еткен", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.