Дезинфектордың ұялы телефонын ұрлап кетті

07 сәуір, 12:10

Оқиға Алматы қаласында орын алған. Күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, шетел азаматы қаладағы аудандардың бірінің ауласынан тоқтап тұрған “Газель” көлігін байқайды. Оған жақын маңда залалсыздандырушы мамандар дезинфекциялық шараларын жүргізіп жүрген. Көлік ішінде ешкім жоқтығын пайдаланған ер кісі жұмысшылардың бірінің ұялы телефонын қолды етеді. Белгілі болғаны, залалсыздандырушы мамандар көлікті желдетпек болып, есігін ашық қалдырған екен. Ал сол сәтті пайдаланып, оңай олжалы болғысы келген 49 жастағы азамат ұсталды. Одан айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді.