Коронавирус: Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

17 ақпан, 18:18

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР инфекциялық аурулардың жетекші маманы Динагүл Баешева Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтты.

Оның айтуынша, лайнерде 4 қазақстандық бар, олардың арасында балалар жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының жағдайлары бірқалыпты. Алайда лардың елге қашан оралатыны әзірге белгісіз.

"Денсаулық сақтау министрлігі олармен үнемі хабарласып отыр. Жақында талдау жасалады. Әрі қарай келіссөз жүргізіледі. Карантин болғандықтан, барлығы Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі. Карантин мерзімі жақында аяқталады. Одан кейінгі шаралар келісіледі», - деді ол.

Еліміздің жетекші инфекционисті Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы тек күдікті адамдардан ғана сынама алуға кеңес бергендігін, ал қазақстандықтарда коронавирусқа шалдығу белгілері болмағандықтан олардан сынама кеш алынып жатқанын алға тартты.