Diamond Princess лайнеріндегі екі қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ

20 ақпан, 18:25

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Diamond Princess круиз лайнерінде қалған қазақстандықтардың жағдайын айтты. Бұл туралы ол елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Лайнерде төрт қазақстандық бар. Бүгін олардың анализдерінің көшірмесін алдық. Екеуінде коронавирустың тіркелмегені белгілі болды. Қалған екі адам бойынша ақпарат күтудеміз. Үнемі байланыстамыз",-деді министр.

Еске салсақ, Қытайда өршіген коронавирус дертінен соң Жапониядағы куриз лайнері карантинге жабылды. Кеме ішінде қазақстандық екі әйел мен екі бала бар. Олардың нақты қай күні елге жеткізілетіні әзірге белгісіз.