Димаш Лара Фабианмен бірге ән айтады

18 шілде, 13:18

Бұл туралы әнші Димаш Құдайберген өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Жақында сіздердің назарларыңызға World Music Awards сыйлығының иегері Лара Фабианмен бірге жаңа дуэтті ұсынамыз", - деп жазды Димаш Instagram-дағы аккаунтында.

Бұған дейін Лара Фабианның Adagio әні Қытайдағы I am Singer байқауында Димаш Құдайбергенге зор табыс әкелді. Француз әншісі Димаштың талантын жоғары бағалады.

Жалпы бұл дует туралы осыдан 2 жыл бұрын белгілі болған.

2017 жылы Димаштың әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Лара Фабианмен бірге ән айту мүмкіндігі бар екенін айтқан болатын.