Димаш Құдайберген "Евровидение" байқауына Ресей атынан қатысу туралы ұсыныстың түскенін айтты. Алайда ол байқауға қатысушы ретінде бағын сынаудан бас тартатынын айтты. Бұл ақпаратпен әнші өзінің INSTAGRAM парақшасында бөлісті.
"Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын.
Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!" деп жазды әнші.