Дмитрий Песков коронавирусқа шалдықты

12 мамыр, 18:35

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өзінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпаратты растады. Бұл туралы сейсенбі, 12 мамыр күні белгілі болды. Журналистің тиісті сұрағына Кремль өкілі былай деп жауап берді:

"Иә, менің науқастанғаным рас. Емделудемін", - деді ол.