Қазақстандықтардың табысы жоғарылады

15 мамыр, 13:00

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2019 жыл, наурыз айындағы бағалау бойынша 98566 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,7% - ға өсті.

2019 жылғы наурызда халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтудан түскен табыстар 71,5%, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар — 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар-16,3% және өзге де ақшалай табыстар-1% құрады.