Дональд Трамп бір апта қазақы киіз үйде тұрды

27 тамыз, 11:14

Кіші Дональд Трамп Моңғолияда қазақы ою-өрнекпен көмкерілген киіз үйде тұрып, атпен серуендеді. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Мен Доннимен бірге киіз үйде бір апта тұрып келдім. Біз Моңғолияны зерттедік. Жылқы мен жол талғамайтын көлікпен көптеген мильді артқа тастадық. Көп ұзамай суреттер саламын. Шынында да, мен көрген ең әдемі орындардың бірі екен. Адамдары шынайы, қайырымды. Осындай керемет сәттерден кейін әдеттегі өмірге қайта оралғаным қынжылтады", — деп жазды кіші Трамп өз парақшасында.

Кіші Дональд Джон "Дон " Трамп — АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп пен Чех моделі МеланьяТрамптың үлкен ұлы . Ол өзінің әпкесі Иванка Трамппен, сондай-ақ ағасы Эрик Трамппен бірге әкесінің компаниясында атқарушы вице-президент лауазымында жұмыс істейді.