"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі, солтүстікте түнде аяз болады.
Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жылдамдғы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жел күтілуде, Ақмола облысында түнде — аяз болады.
Павлодар облысында күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады.