Бойжеткен қазірі таңда жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Науқас №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оң жақ бөксесі мен жіліншігінің еті жыртылып кетіп ауыр жарақат алған. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, оқыс оқиға бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында орын алған. №45 маршрут жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезінде жаяу жүргіншіні басып кетті.