Дәрігерлер Арыстағы жарылыстан зардап шеккен саперлардың жағдайы туралы айтты

25 қыркүйек, 09:00

​Арыста зардап шеккен әскери қызметшілер Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Бұл туралы ақпаратты Қорғаныс министрлігінің ресми сайты жария етті.

Хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемесінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Ғалымжан Омаровтың айтуынша, бүгінгі таңда науқастардың жағдай қанағаттандырарлық.

Еске салсақ, өткен сенбі, 21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дәрінің фрагменті өздігінен жарылды. Салдарынан келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды. Бұл төтенше жағдайдан кейін әскери қызметшілер әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілген болатын. Онда уақытылы қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасалды.

Фото: informburo.kz