Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жастағы бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

20 наурыз, 16:02

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2 жастағы бүлдіршіннің жөтелі бар, жағдайы орташа ауыр.

«2018 жылы туған қыз балада жөтел бар. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Мұның алдында айтқан орта жастағы ер адамның да жағдайы әлі орташа. Оның бұған дейін де өкпесінде созылмалы обстурктивті бронхиті болған. Ал басқа науқастардың денсаулығында жақсару бар. Олардың дене қызуы түскен», - деді ведомстводағылар.

Еске салсақ, 20 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. Оның 25-сі Нұр-Сұлтанда, 22 науқас Алматыда, қалған екеуі Қарағандыда тіркелген.