Джеки Чан Абайдың өлеңін оқыды

23 қыркүйек, 13:43

Джеки Чан Абайдың 175 жылдығына арналған флешмобқа қатысуға шешім қабылдады. Атақты актер ұлы қазақ ақынының өлеңдерін оқыды. Әйгілі актердің өлеңді оқып тұрған сәтінің видеосын Instagram желісіндегі twitter_kz аккаунты таратты.

"Досым Ерлан Қариннен Қазақстан Президенті бастаған поэтикалық челленджді қабылдаймын", - деді актер өлең оқып алдында.
Айта кетейік, Абай өлеңдері оқуға арналған челленджге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан, оны елге белгілі бірқатар қайраткерлер қолдады. Сонымен қатар Ресей мен басқа да шет елдердің танымал азаматтары қатысты. Олардың қатарында қытайлық миллиардер Джек Ма да бар.