Джеки Чан өзінің коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

27 ақпан, 18:12

Джеки Чан өзінің коронавирусқа шалдыққаны туралы қауесетке жауап беріп, жанкүйерлерін тыныштандырды. Белгілі болған, актер карантинге жабылмаған және оның жағдайы жақсы.

Джеки Чан Instagram парақшасы арқылы өзінің денсаулығына алаңдаушылық танытқандарға алғысын айтты.

"Қамқорлық танытқандарыңыз үшін рахмет! Менде бәрі дұрыс және денсаулығым да жақсы. Мен карантинге жабылмадым, алаңдамаңыздар. Мен сіздер де қауіпсіз жағдайда және дендерің сау деген сенімдемін!" деп жазды Джеки Чан.