Танымал актер Джеки Чанға Сирияда құтқарылған қазақстандықтар туралы фильм көрсетілді. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Джеки Чанмен алдағы уақытта Қазақстанда түсірілетін жаңа фильмінің түсірілімін талқылай отырып, осы жылдың басында Сириядан келген қазақстандық балаларды құтқару жөніндегі арнайы қызметтер өткізген "Жусан" арнайы операциясы туралы фильмді бірге қарап шықтық. Ақпарат пен фильнің өзі Джекиді үлкен әсерге бөледі, себебі боевиктердің қахарманы бұндай істерді жақсы біледі", - деп атап өтті Ерлан Қарин.
Естеріңізге
сала кетейік, 6 қаңтарда құқық қорғау
органдары мен СІМ гуманитарлық операциясы
нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы,
оның ішінде 30 бала Сириядан эвакуацияланды.